“Еңбек даңқы” — бұл адал еңбекпен отбасын асырап, ел экономикасын еселеуге үлес қосып жүрген Сіз бен біздің жақындарымыздың есімі жазылатын естелік кітабы. Онлайн-кітапқа кез келген қазақстандық лайықты деген жанды қоса алады. Миссиямыз – еңбек адамын, адал кәсіп, адал нәсіпті насихаттау.
«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры – жаңа үлгідегі үкіметтік емес ұйым. Қор белсенді азаматтық ұстанымы бар, Әділетті Қазақстан құруға үлес қосқысы келетін қазақстандықтарды біріктіреді. 20 өңірде өкілдігі мен 8000-нан астам жақтасы бар. Қор өз жұмысында қоғамдық бақылау мен әлеуметтік мониторингке басымдық береді.
Ол бір ғана Павлодар облысында 8 элеватор мен бірнеше зауыт салуға атсалысқан.
Григорий Львович өмір бойы зауытта еңбектеніп келеді. Арманы — зауыттан жастарды көбірек көру.
37 жыл үздіксіз Оралдағы кірпіш зауытында жұмыс істеп келеді. Баптаушы-слесарь.
Біз еңбегі мен экономиканы, әлеуметтік саланы және қоғамды дамытуға қосқан үлесі құрметке лайық адамдарды іздейміз. Сіздің кәсіби жолыңыз, жетістіктеріңіз және Қазақстанның дамуына қосқан үлесіңіз туралы ақпарат беріңіз.